×

«Самат ағаңның қасында бол»: Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот процесі басталды

Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр

 Айнұр Шошаева 20.09.2022 | 16:38
скриншот: видео

Бүгін Астанадағы Байқоңыр аудандық сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот процессі ашық - онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қайрат Сатыбалды отырысқа қорғаушысымен бірге ЕЦ166/1 мекемесінен Zoom конференциясы арқылы қосылды.

Оған Қылмыстық кодекстің «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысы басталмас бұрын Қайрат Сатыбалды отбасы мүшелерімен сөйлесті. Балаларымен сөйлесіп, жағдайын сұрады. Сосын ұлына:

Самат ағаңның қасында бол әрқашан. Бәрін істе, онымен кеңес, жарай ма? – деді Қайрат Сатыбалды ұлына.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. 

Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама