×

100-ден аса мектепке айыппұл салынды

Мамандар 276 оқу орнын тексерген

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2022 | 17:56
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында әрбір екінші мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, мамандар 276 мектепті тексеріп шыққан. Сол кезде179 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды.

Ведомство мамандарының айтыунша, санитарлық талаптарды бұзу бойынша 23,5 миллион теңгеден астам сомаға 200 айыппұл салынды. Сот органдарына 9 материал жолданды. Соның ішінде 9 шешім қабылданды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 169 ұйғарым берілді. Медициналық қарап-тексеруден өту үшін 41 адам уақытша жұмыстан шеттетілді.

Осы ретте мамандар барлық мектепке ортақ эпидемиологиялық мәселелердің бірі – тамақтануды ұйымдастыруды тиісті жолға қою керектігін айтты. Олардың пікірінше, оны көп жағдайда шағын және микро бизнес өкілдері ұйымдастырады. Ал қолданыстағы мораторийге байланысты жоспарлы тәртіппен тексеріс жүргізуге тыйым салынған. Осыған байланысты санитариялық қағидаларды сақтау жауапкершілігі кәсіпкерлердің өздеріне, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне және бракераж комиссияларына жүктеліп жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама