×

Алматыда жоғалған қыздың денесі өзен жағасынан табылды

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ

 Динара Амантай 19.09.2022 | 15:31
Фото: ашық дереккөз

Кеше Алматы қаласының тұрғынынан 1988 жылы туған әпкесі В.В.Солдатованың жоғалып кеткендігі туралы арыз түсті. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арызданушының айтуынша, 17 қыркүйек күні сағат 10:00 шамасында В.В.Солдатова үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Арызданушының түсіндіруінше, әпкесі өзінің жігітіне тауға баратынын айтқан, сәлден соң жігітке өзін өрмекші шағып алғаны туралы жазған.

Іздестіру іс-шаралары барысында таулы аймақта өзен бойынан В.В.Солдатованың денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ, – делінген хабарламада.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама