×

Алматының құрметті азаматтарының тізіміне кімдер енді

Марапатталғандарға 1 миллион теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді

 Динара Амантай 18.09.2022 | 14:22
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы әкімдігі «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған жаңа тұлғалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Марапатталғандардың тізіміне келесі азаматтар ілінді:

Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов – Қазақ КСР-нің Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты.

Меруерт Қаратайқызы Өтекешева – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы.

Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев – Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі.

Асылы Әлиқызы Осман – белгілі қоғам қайраткері. Тіл жанашыры. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі. Көрнекті ғалым, профессор. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне үлкен үлес қосып келеді.

Жүрсін Молдашұлы Ерманов – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, «Айтыс» өнерінің жанашыры, ұйымдастырушысы.

Зинаида Леонтьевна Федотова – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

Қайырлы Уатайұлы Жонқабаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

Орынша Қарабалина – ұстаз, тарихшы.

Күпесбай Оразбайұлы Жампиісов – ­мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші.

Любовь Владимировна Нысанбаевна – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы, Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті.

Бүгін мен үшін алғаш рет жанын, еңбегін, махаббатын және барын Алматымыздың дамуына жұмсаған адамдарды марапаттау мәртебесі бұйырды. Жыл сайынғы дәстүрді жалғастырып, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын қаламыздың лайықты тұрғындарына табыстауға рұқсат етіңіздер, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Марапатталғандарға құрметті атақпен қоса 1 миллион теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама