×

Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне қатысы бар әйел ұсталды

23 жастағы күдіктіге «үй қамағы» санкциясы берілді

 Динара Амантай 18.09.2022 | 10:20
Фото: ашық дереккөз

3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала қайтыс болған. Дәрігерлер балаға «басы жарақаттанған» деген диагноз қойған.

Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді.

Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама