×

Астанада ұры бір күнде үш үйді тонаған

Күдіктіден млн-нан астам теңге тұратын заттар мен ақша тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 16.09.2022 | 11:03
фото: polisia.kz

Астанада Балқаш қаласының тұрғыны бір күнде үш пәтер ұрлығын жасаған.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде пәтер ұрлығына күдікті 27 жастағы ер адамды ұстаған.

Ол астанаға қыркүйек айының басында келіп, жатақханада тұрған. Тергеу кезінде күдіктінің ұрлыққа түсу үшін бос пәтерлерді іздегені анықталды. Күдікті ұрлықққа түскен күні таңертең Майлин көшесінде келе жатып, пәтерлерге қоңырау шалып, үйде ешкім болмаса құлпын бұзып отырған. Ол ұрлыққа түскен үйден «Ямаха» синтезаторын, неке сақинасы мен «Үздік Ұстаз» медалін алып, бір миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Осыдан кейін ол сол үйдің басқа пәтеріне барып, құлыпты бұзып, пәтерге кіріп ақша ұрлаған. Сол күні ер адам сағат 15.30 шамасында Құдайбердіұлы көшесіне барып, дәл осындай жолмен пәтерден ақша ұрлаған. Ол заттай айғақтарды «Астаналық» сауда үйіндегі ломбард пен сатып алушыға сатып жіберген. Кейін полиция қылмысты анықтағанда заттар тәркіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама