×

Биыл әлеуметтік осал топтағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды

Оқуға түскендердің 1 101-і – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер

 Динара Амантай 15.09.2022 | 16:55
Фото: 365info.kz

Биыл әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспаөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артқан. Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1 101-і – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.

Бұған қоса биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінгені белгілі болдыү.Бұл - рекордтық көрсеткіш.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Ал биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебеге үш жылдан кем болмауы керек) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды. Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Айта кетсек, қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық оқуға түсті. Оқушылардың ең көп таңдаған салалары - құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама