×

Биыл отбасын құрғандар саны азайған

Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды облыстарында ажырасу көрсеткіші жоғары

 Дәурен Ерболат 12.09.2022 | 14:05
Фото: tadviser.ru

2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 55,1 мың жұп некесін қиған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,2%-ға аз, деп хабарлайды Ranking.kz.

Қалада некеге тұрғындар саны бір жылда 5%-ға немесе 42,6 мыңға дейін, ауылда бірден 38,1%-ға немесе 12,5 мыңға дейін азайған.

Биыл бірінші жартыжылдықта 9 мың ажырасу тіркелді. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 5%-ға төмен.

Қалада ажырасулар саны бір жылда 3,1%-ға немесе 7,1 мыңға дейін, ауылда 11,8%-ға немесе 1,9 мыңға дейін азайған.

Отбасын құрғандардың басым бөлігі Алматыда тіркелді – 7,1 мың неке, былтырмен салыстынғанда 14,7%-ға аз. Үздік үштікке халық тығыз орналасқан Түркістан (6 мың неке, бір жылда минус 16,9%) және Алматы (5,6 мың неке, бір жылда минус 17,1%) облыстары енді.

Некенің ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген (1,5 мың).

Тіркелген ажырасулар саны Алматы қаласы (1,2 мың), Алматы (1 мың) және Қарағанды ​​(937) облыстарында көп. Ажырасудың ең аз саны Қызылорда облысында (небәрі 201).

Елімізде неке қию көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтанда: 1 мың адамға шаққанда 7,99. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама