×

Министр әйелдердің зейнет жасы мәселесі бойынша белсенділермен кездесті

Аннуитет қазақстандықтар үшін әлдеқайда қолжетімді бола түспек

 Еркеғали Болатұлы 12.09.2022 | 10:39
фото: дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушыларға зейнетақы аннуитетінің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді қайта қарау бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді. Министрлік мәліметінше, аннуитет қазақстандықтар үшін әлдеқайда қолжетімді бола түспек.

Сондай-ақ кездесуде Тамара Дүйсенова әйелдердің жоспарланған зейнет жасын 61 жас деңгейіне ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру және кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыру мәселесі туралы айтты.

Бұл өсім 2 миллионнан аса зейнеткерді, сондай-ақ 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама