×

Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары Қазығұрттан 27 бас қой ұрлаған

Олар қойшының ұйықтап қалғанын пайдаланып, жайылымдағы қойларды «Ниваға» тиеп әкеткен

 Еркеғали Болатұлы 11.09.2022 | 17:40
фото: дереккөз

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жайылымнан мал ұрлаған екі шетелдік қамауға алынды.

Күдіктілер жәбірленушінің қойшысымен жақсы таныс болған. Сонымен кешкі уақытта бірге ішімдік ішкен көрінеді. Осылайша, олар қойшының ұйықтап қалғанын пайдаланып, жайылымдағы қойларды «Ниваға» тиеп әкеткен. Одан кейін қойларды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратыпты.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны шағымданды. Айтуынша, Қазығұрт ауданына қарасты жайылымдық жерден оның әрқайсысының құны 70 мың теңге тұратын 27 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге 2 миллион теңгеге жуық шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша тіркеуге алды, - деп хабарлады Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары бірден ұсталған. Қазір екеуі де тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама