×

Алматыда белсенді демалыс фестивалі өтеді

Онда жастар мен жасөспірімдерге арналған 150 қалалық демалыс орталығының тұсаукесері өтеді

 Динара Амантай 09.09.2022 | 10:14
Фото: smi24.kz

Алматыда 10 қыркүйекте М.Ганди атындағы саябақта BALA FEST қалалық фестивалі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, онда жастар мен жасөспірімдерге арналған 150 қалалық демалыс орталығының тұсаукесері өтеді.

Демалыс орталықтары – бұл бос уақытта шығармашылықпен, спортпен және өзін-өзі дамытумен айналысуға болатын тегін клубтар. Фестивальде осы орталықтың тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. Қонақтар жарқын ойын-сауық шоу бағдарламасынан көріп, шеберлік сыныптарына, байқаулар мен спорттық сайыстарға қатыса алады, – делінген хабарламада.

Бұған қоса келушілер саябақта серуендеп, әрбір орталық туралы имидждік бейнелерді көріп, дамуға немесе хоббиға арналған жаңа бағытпен таныса алады.

BALA FEST фестивалін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама