×

«280 қызметкер елордалық клиникада емделген»: Павлодарда психоневрологиялық орталық қызметкерлері жаппай шағымданды

Жалған ақпаратты естіген мекеме қызметкерлері жаппай шағымданды

 Халық үні 09.09.2022 | 06:33
Фото: 24.kz

Павлодар облысында жүйке жүйесінде ауытқуы бар адамдарға арналған орталықтың 280 қызметкері  елордалық клиникалардың бірінде емделген. Кейбіріне тіпті жоғары деңгейлі медициналық қызмет түрлері көрсетілген. Бірақ өздері бұдан хабарсыз болып шықты. Жалған ақпаратты естіген мекеме қызметкерлері жаппай шағымданды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Мичурин ауылында орналасқан психоневрологиялық орталық Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қарайды.  Жауапты мекеме басшысы арнайы брифинг өткізіп, жүргізілген тексеру қортындысын жариялады. Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Денсаулықтарын қалпына келтіру үшін орталық қызметкерлерімен келіспей тізімді «Ақниет» жекеменшік қайырымдылық қорына жіберген мекеменің кадр жөніндегі инспекторы қатаң сөгіс алған. Бұл іспен қазір құзырлы органдар айналысып жатыр.

 «Павлодар облысының прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Нәтижесі бойынша  аталған мекеменің басшысына қатысты жауапкершілік қарастырылады. Кәсіподақ комитетінің төрағасы да бұл шарадан тыс қалмайды. Себебі қызметкерлер кәсіподақ ұйымының келісімімен жіберілген. Қазір ол денсаулығына байланысты демалыста. Жұмысқа шыққаннан кейін жауапкершілікке тартылады», - дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама