×

Димаш Құдайберген әлем бойынша ең қымбат бейнебаян түсірді

Ол шығарманы жазуды 3 жыл бұрын бастаған

 Еркеғали Болатұлы 08.09.2022 | 15:40
фото: ашық дереккөз

Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін хабарлап, бұл ерекше жаңалығымен Dears фанаттар тобын қуантты. Туынды көрерменге жақын арада жол тартпақ.

Қымбатты достар, мен жаңа The Story of One Sky атты композицияға әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсірдім, – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айтуынша, ол аталған шығарманы жазуды 3 жыл бұрын бастаған. Ұзақтығы – 12 минут.

«Бұл видеоны қысқаша клип деп айтуға болады. Музыкалық фильмнің сценарийін өзім жаздым. Тұсаукесері жақында болады», – дейді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама