×

Қадағалау актісі бойынша мемлекетке 21 млрд теңге өндірілді - Бас прокуратура

10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берілді

 Динара Амантай 08.09.2022 | 15:13
Фото: turkystan.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (бұдан әрі – СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсеткен. Олардың әрқайсысы белгілі бір тауарларға (аяқ киім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.

Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берді. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

Бұған қоса СЭҚ-тың 7 қатысушысы («Tex Alliance», «Almobi Group», «Ехргеѕѕ Кеден Сервис», «Group of the companies TDA», «Ai-To Progress», «Global Logistics Ved» және «TL NIKA кеден» ЖШС) қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 21 млрд теңге қайтарылғаны белгілі болды.

Аталған компаниялардың кепілдік мүлкі есебінен қалған қоса есептелген сомалар өндіріп алу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама