×

ШҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Тағы 3 адам ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 08.09.2022 | 11:37
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 қыркүйекте сағат 11:27 шамасында Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 45 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған. Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, алдында келе жатқан КамАЗбен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі 38 және 44 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болды. Аталған көліктің 24 жастағы жүргізушісі, 40 және 20 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама