×

Қостанай облысына резервтен қаржы бөлінеді – министр

Ол қанша ақша бөлінетіні алдағы уақытта белгілі болатынын жеткізді

 Дәурен Ерболат 06.09.2022 | 13:06
Фото: primeminister.kz

Қостанай облысындағы өрт салдарынан келген шығынды қалпына келтіру үшін мемлекеттік резервтен қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол резервтің бірнеше міндеті барын атап өтті.

«Оның ішінде осындай апаттық жағдайларға да қарастырылған. Резерв қалыптастырылып жатыр. Осындай жағдай болғаннан кейін резервтен ақша қарастырылып жатыр», - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Алайда Әлібек Қуантыров резервтен қанша қаражат бөлінеді деген сұраққа нақты жауап берген жоқ. Тек қаржы қарастырылып жатқанын жеткізді.

Бюджеттік өтініш кейін тіркеледі, - деді ведомсво басшысы.

Айта кетейік, Қостанай облысында 4 күннен бері өрт болып жатыр. Салдарынан 2 ауылдың малы мен құстары қырылған, адам өлімі де тіркелген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама