×

Алматы полицейлері жезөкшелердің 4 притонын анықтады

Рейд нәтижесінде 40 адам ұсталды

 Динара Амантай 05.09.2022 | 12:15
Фото: polisia.kz

Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притонды анықтады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген.

Бұл үйлерде өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапқа тартылды, – деді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін атап өтті. Осыған байланысты 57 заңбұзушылық анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама