×

Қошанов депутаттарға халықтың пікірімен санасуды ескертті

Жұмыс топтарының отырысына халық та қатысуы керек

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 16:16
Фото: inform.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов маңызды заң жобасын талқылағанда халықтың пікірін ескеру керектігін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Парламент жұмысының негізгі бағытын айқындап берген.

Жаңадан ашылған сессияда депутаттар жұмыс істейтін заңдардың ерекше маңызы бар. Себебі оны қоғам да күтіп отыр. Сондықтан оларды қарау кезінде халықтың, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың пікірі ескерілуі тиіс. Жұмыс топтарының отырысы, заң жобаларының таныстырылымы сынды жиындарға жұртшылықты кеңінен қатыстыру керек. Парламент жұмысының негізгі бағыттары айқын. Сондықтан бар күш-жігерді Президенттің бастамаларын қолдау мен жүзеге асырылуына бағыттауға шақырамын, - деді Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама