×

Алғашқы қоңырау: 42 мың балаға көмек көрсетіліп, 81 жаңа мектеп пайдалануға берілді

«Баланы мектепке даярлайық» акциясының өткізіліп жатқанына биыл 12 жыл болды

 Еркеғали Болатұлы 01.09.2022 | 09:57
фото: ашық дереккөз

Ел бойынша 42 мың оқушыны қамтыған «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы кеше аяқталды. Ол туралы Мәжіліс және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Айта кетсек, акцияның өткізіліп жатқанына биыл 12 жыл болды. Бұл жолғы шара барасында AMANAT партиясы 23 мыңнан аса отбасының 42 мың оқушысын мектеп формасымен, оқулықтармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз еткен.

Ал Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл жыл соңына дейін 214 мың орындық 225 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бүгін 81 жаңа білім ошағында алғашқы қоңырау сыңғырлады.

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы – бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 13 мың адам жұмыспен қамтылып, 37 мың отбасына АӘК алуға көмек көрсетілді, 49 мың отбасына біржолғы әлеуметтік көмек төленіп, 146 отбасы баспаналы болды», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама