×

FlyArystan мүмкіндігі шектеулі азаматтан арбасын бортқа өткізбей қойғаны үшін кешірім сұрады

Мүкіндігі шектеулі азамат жанашыр қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

 Халық үні 30.08.2022 | 00:33
Фото: Нияз Сундиталиев/facebook.com

FlyArystan қызметкерлері мүгедектер арбасын өткізбегені үшін қазақстандық Нияз Сүндітәлиевтен кешірім сұрады. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нияз Сүндітәлиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Мүкіндігі шектеулі азамат жанашыр қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Әуе компаниясы өз кінәсін толық мойындап, менен кешірім сұрады. Алматыдағы мүгедектер арбасы жақын арада Қарағандыға ұшақпен жеткізіледі. Мен ваучерден, әуе компаниясының маған жасаған барлық ұсынысынан бас тарттым. Мен үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың қиналмай ұшқаны, оларға әуежайда, ұшақ бортында әрдайым көмек көрсетілгені және кез келген жағдайда бір тәуліктен кейін емес, мәселенің сол жерде шешілетініне сенімді болғаны маңызды. Барлығы тиісті қорытынды шығарып, кез келген жағдайда адам болып қалады деп сенемін!, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan компаниясының қызметкерлері жолаушының мүгедектер арбасын бортқа кіргізбей қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама