×

7 жыл бұрын жоғалған қару-жарақ Ақмола облысында зираттан табылды

Иесі 48 жастағы СҚО тұрғыны екені анықталды

 Халық үні 29.08.2022 | 14:51
Фото: Polisia.kz

Зиратқа жасырылған қару-жарақты Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері тапқан. Бірқатар атыс қаруы Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан анықталып отыр.

«НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі оқтар тәркіленді. Табылған мылтықтар мен оқтар сараптамаға жіберілді, — делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар тексеру барысында қару-жарақ иесінің кім екені анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қарудың жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама