×

Браконьерлерден 600 келі балық тәркіленді

Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 09.02.2022 | 17:00
фото: polisia.kz

Шардарада үш браконьерден 600 келіге жуық балық тәркіленді. Түркістан облысы Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Шардара су қоймасында браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері үш браконьердің су қоймасында аумен заңсыз балық аулап жүргенін анықтады. Айғақ зат ретінде олардан 600 келіге жуық балық (оның ішінде сазан мен 3 келі жыланбас), ау, екі ескек және қайық тәркіленді. Сондай-ақ күдікті азаматтар Шардара тұрғындары болып шықты, – делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары істің барлық мән-жайын анықтау үшін күдіктілерді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазір қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады
01.04.2023 | 00:50