×

Ақсудағы саунада демалып жатқан 9 адам уланып қалды

Полиция қылмыстық іс қозғады

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2022 | 12:35
фото: ашық дереккөз

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында туған күн тойлау үшін саунаға барған 9 адам хлордан уланып, ауруханаға түсті. Оның бесеуі – бала.

Олар бассейіндегі көз ашытар өткір иісті сезгенмен, аса мән бермей, кешті жалғастырған. Алайда көп ұзамай дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келіпті.

Үш бала ауруханаға жатып шықты. Қазір нысанға санитар мамандар улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Полиция да қылмыстық іс қозғады.

«Кеш түсе бәрінің көзі жасаурап, тамағы қырнаған. Басы айналып, лоқсыған. Үш бала ауруханада бір күн бақылауда болып, бүгін шығарылды», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ақмарал Смағұлова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама