×

107 мың талапкер колледждерде тегін білім ала алады

Қазақстанда колледжерде тегін білім алу мүмкіндігі бар талапкерлердің санаты кеңейді

 Қымбат Елтайқызы 09.02.2022 | 14:54
фото: Halyq Uni

2022 жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 мың орынға артады. 107 мың қазақстандық колледждерде мамандықты тегін меңгере алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлімдеді.

«Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады», – деді Насымжан Оспанова.

Естеріңізге салайық, 9-сынып бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады.

Сонымен қатар білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірледі. Яғни, бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырып келсе, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама