×

Қарағанды облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

Жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кеткен

 Динара Амантай 27.08.2022 | 09:25
Фото: ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Бір бала ауруханада жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында «Балқаш-Приозерск» автожолында Гүлшат кентінен 23 шақырым жерде Приозерск қаласы бағытына қарай келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші басқарған «Хово» автокөлігімен соқтығысқан, – деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев.

Оның айтуынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы жолаушысы (әйелі), олардың кәмелет жасына толмаған үш баласы оқиға орнында көз жұмды. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталмыш факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама