×

Қазақстан аумағына заңсыз кірген шетелдік шекарашыларға оқ атты

Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 26.08.2022 | 14:30
Фото: gov.kz

24 тамызда кешке мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 24 тамызда кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен Мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, шекара нарядының «Тоқта!» және «Құжатыңды көрсет!» деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан. Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды.

Сонымен бірге әскери қызметшілердің ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралып жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама