×

Еліміздің барлық өңірінде СOVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді

20 мыңнан аса адам аурудан емделіп жатыр

 

 Дәурен Ерболат 24.08.2022 | 09:02
Фото: slovoidilo.ua

Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 668 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 146,
  • Алматыда – 39,
  • Шымкентте – 2,
  • Ақмола облысында – 76,
  • Ақтөбе облысында – 17,
  • Алматы облысында – 7,
  • Жетісу облысында – 17,
  • Атырау облысында – 19,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 21,
  • Абай облысында – 5,
  • Жамбыл облысында – 1,
  • Батыс Қазақстан облысында – 68,
  • Қарағанды облысында – 69,
  • Ұлытау облысында – 13,
  • Қостанай облысында – 54,
  • Қызылорда облысында – 8,
  • Маңғыстау облысында – 27,
  • Павлодар облысында – 35,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 41,
  • Түркістан облысында – 3.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 385 023 жетті. 

Сондай-ақ 1259 адам СOVID-19-дан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 300,
  • Алматыда – 78,
  • Ақтөбе облысында – 69,
  • Алматы облысында – 170,
  • Жетісу облысында – 75,
  • Атырау облысында – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 27,
  • Абай облысында – 58,
  • Жамбыл облысында – 113,
  • Батыс Қазақстан облысында – 42,
  • Қарағанды облысында – 186,
  • Ұлытау облысында – 18,
  • Қостанай облысында – 39,
  • Қызылорда облысында – 19,
  • Маңғыстау облысында – 12,
  • Павлодар облысында – 48.

Елімізде барлығы 1 351 255 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

24 тамыздағы мәлімет бойынша 20 409 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.

Олардың ішінде 729 пациент стационарда, 19 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 18 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңірлер жоқ;
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама