×

Қос азаматтық алған тағы бір адам жауапқа тартылды

Ол 10 жылдан бері көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 17:40
фото: polisia.kz

Қостанай облысы Рудный қаласының 56 жастағы тұрғыны қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ол 10 жылдан бері көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген. Енді қос азаматтық алған әйел 600 мыңнан теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс.

Осы күндері полицияның қос азаматтыққа қарсы жұмысы көбейіп отыр. Қостанай облысының аумағында көптеген фактілер анықталуда. Рудный қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты 10 жылдан астам Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының азаматтығы бар 56 жастағы әйелді жауапқа тартты. Енді ол 612 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, – деді Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Ринат Сыздықов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 39 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 7-і елден шығарылды. Оларға 5 жыл ішінде Қазақстан аумағына кіру құқығы шектелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама