×

Астанада тұрғын үй құрылысы азаяды

Соңғы үш жылда 8 млн шаршы метр баспана салынған

 Дастан Жұмабекұлы 23.08.2022 | 16:42
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанадағы тұрғын үй құрылысын азайту керектігін айтты. Оның айтуынша, құзырлы органдар оларды қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етуге үлгере алмай жатыр.

Ол кәсіпкерлермен кездесуде қалада жыл сайын 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланатынын, соңғы үш жылда 8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін жеткізді.

Жыл сайын 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Бұл өте үлкен жұмыс. Мәселен, 2019 жылы 1 млн 700 мың шаршы метр, 2020 жылы - 3 млн, 2021 жылы – 3 млн 20 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Олардың барлығын инженерлік желілермен қамтамасыз ету қажет. Біз бәріне үлгермей жатырмыз. Әсіресе, жаңа құрылыс аудандары қарқынды дамуда, –  деді Алтай Көлгінов.

Осыған байланысты қала әкімі қүрылысты азайту керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама