×

«Мәһди екенімді осы жерде дәлелдеуім керек»: мешітте билеген қыз имамға қарсылық танытқан (ВИДЕО)

Мешітте әдеп сақтамаған қыздың жеке тұлғасына қатысты мәлімет жоқ

 Халық үні 22.08.2022 | 20:17
фото: видеодан скриншот

ҚМДБ жанындағы республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі мешіт әдебін сақтамаған қызға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«21 тамызда сағат 18:48-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Бас мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзып, имам жұмысына, намаз оқушылардың құлшылығына кедергі келтірді», - делінген хабарламада. 

Мешіт баспасөз қызметінің мәліметінше, дін қызметкерлері оған мешіт әдебі туралы түсіндірді. Алайда имам кеңесіне бағынбаған ол «мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек» деп қарсылық танытқан.

«Мешіт қызметкерлері ер азаматтар намаз оқитын орынға әйелдердің келуіне болмайтынын жеткізіп, оны сыртқа шығаруға мәжбүр болады. Ол мешіт ауласында ерсі әрекеттер жасап, күзетшілердің ескертуіне құлақ аспаған. Күзетшілер оны мешіт ауласынан шығаруға мәжбүр болған. Мешітте әдеп сақтамаған қыздың жеке тұлғасына қатысты мәлімет жоқ. Осы ретте мешітке келуші азаматтарды құлшылық үйінде қарапайым адамгершілік әдептерді сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама