×

Боксшыларға берілетін сыйақы белгілі болды

Күміс жүлдегер 30 мың, ал қола медаль иеленгендер 10 мың доллардан сыйақы алады

 Дастан Жұмабекұлы 22.08.2022 | 13:16
фото: ашық дереккөз

Түркияның Ыстамбул қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған боксшыларға берілетін сыйақының көлемі белгілі болды.

Бұл додада 72 елден 300-ден астам боксшы өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысты. Біздің боксшылар арасында Алуа Балқыбекова күміс жүлдегер, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова қола медаль иеленді. 

Әлем чемпионатында күміс жүлде алған боксшы Қазақстан бокс федерациясы тарапынан 30 мың, ал қола жүлде иеленгендер 10 мың доллардан сыйақы алады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама