×

Талдықорған полициясы көшеде әйелді соққыға жыққан ер адамды іздеп жатыр

Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады

 Халық үні 21.08.2022 | 15:26
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды.

 «Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорғандағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде болған», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалалық полицияға арыз бен өтініш түскен жоқ.

Оған қарамастан дерек бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама