×

Маңғыстау тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды

Бейнеу ауданында 198 дана киік мүйізін сақтаған тұрғын ұсталды

 Халық үні 21.08.2022 | 11:07
Фото: ашық дереккөздерден

41 жастағы ер адам мүйіздерді Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында өз үйінің қорасында сақтаған.

18 тамызда Бейнеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жоспарға сай «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде бейнеулік тұрғыннан 2 қапқа салынған 198 дана киік мүйізі табылды. Ол мүйіздерді сатып алғанын айтып отыр, – деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

Аталған факт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама