×

Шымкент түрмесінде жазасын өтеп жатқан педофил қайтыс болды

Оның өліміне қатысты мән-жай анықталып жатыр

фото: ИЧ-167/2 түзеу мекемесі, Шымкент

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/2 түзеу мекемесінде Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық жасау) бойынша жазасын өтеп жатқан адам белгісіз жағдайда қайтыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушы құлаған кезде ауыр жарақат алған. Мекемеге жедел жәрдем бригадасы шақырылып, олар сотталушыны Шымкенттегі қалалық ауруханаға жеткізген. Оған шұғыл хирургиялық операция жасау туралы шешім қабылданғанмен, одан еш нәтиже шықпаған. Жазасын өтеуші ауруханада көз жұмған.

Аталған факті бойынша түзеу мекемесіне тергеу-жедел тобы, прокуратура қызметкерлері барып, сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама