×

Алматыда мешіт жамағатын тонаған жігіт ұсталды

Ол мешітте ұйықтап жатқан адамдарды тонаған

 Халық үні 20.08.2022 | 14:47
Фото: Polisia.kz

Бұл табыс тізбегін 23 жастағы А. есімді азамат ойлап тапқан. Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

«Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған», –  дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама