×

Назарбаев Университетінің оқытушылары қыздарды зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Бейнеүндеу Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 19.08.2022 | 16:39
фото: ашық дереккөз

Елордалық полицейлер Назарбаев Университеті қызметкерлерінің студент қыздарды зорлағаны жөніндегі видеоүндеу бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуіне қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан», - делінген Рolisia.kz Telegram-арнасында.

Айта кетсек, аталған бейнеүндеу Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген. Полиция қызметкерлері ол жөнінде толық ақпаратты кейін жариялайтындарын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама