×

Алматыда өртеніп жатқан үйден жасөспірім қыз құтқарылды (ВИДЕО)

Өртті сөндіруге 9 бірлік техника, жеке құрамнан 36 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 19.08.2022 | 12:44
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласында өрт сөндірушілер отқа орнаған үйден 14 жастағы жасөспірім қызды құтқарды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 18 тамызда таңғы сағат 7. 59-да Алматы қ. ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданы Венецианов көшесі, 65 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру жасақтары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Мамандандырылған жасақтың бірінші бөлімшелері 4 минутта жеткен сәтте жалпы ауданы 80 ш.м. шарпыған жеке тұрғын үйге жапсарлас мансардты үй-жайының төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өртті барлау және сөндіру барысында мамандандырылған жасағының және № 8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары 2008 ж.т. қызды тапты, – делінген хабарламада.

 Жасөспірім қыз тұрғын үйге жапсарлас салынған үй-жайында қамалып қалған. Оның сыртқа шығуын терезедегң металл тор қиындатты. Алайда өрт-сөндірушілер авариялық құтқару құралдарымен есікті ашып, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарып, келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Қабылданған жедел шаралармен өрт 19 минут ішінде ауыздықталып, 8 сағат 36 минутта толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге 9 бірлік техника, жеке құрамнан 36 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама