×

Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап кетті

Анасы бүлдіршінді үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен

 Динара Амантай 19.08.2022 | 09:48
Фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталмыш оқиға «Қаратал» шағын ауданында тіркелді. 18 тамыз күні кешкі уақытта екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Белгілі болғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Баланың анасы бүлдіршінді үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен.

Шақырту бойынша келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оны дәрігерлер тексеріп, балаға көмек көрсетіп жатыр. Оның анасы да сонда, – деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметов.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада ер адам 10 қабаттан құлаған бес жасар қызды қағып алғаны туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама