×

«Ешкімге өкпем жоқ». 8 жыл түрмеде отырған ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері ақталып шықты

Ол кәсіпкерге қастандық жасады деп айыпталған

 Дәурен Ерболат 17.08.2022 | 17:56
Фото: orda.kz

14 жылға сотталған Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы майоры Айдын Алпысбаев ақталып шықты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Әскери соттың сот алқасы Айдын Алпысбаевқа, Мұрат Хасеновке және Сергей Логвиненкоға қатысты ақтау үкімінің күшін жою туралы әскери прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешім шығарды. Ақтау үкімі күшінде қалды.

ҰҚК бұрынғы қызметкері қуанышын жасыра алған жоқ.

«Құдайға және Қазақстан халқына, мемлекет басшысына алғыс айтамын. Алла бізге дана президентті берді. Нәтижесінде елімізде өзгерістер болып жатыр. 8 жылда түрлі заңсыздықтарды көрдім. Қобалжып тұрмын. 8 жыл бойы балаларымды көрген жоқпын. Қазір олар өзгеріп кетіпті», - деді Айдын Алпысбаев.

Ол президентпен кездесіп, сөйлескісі келетінін атап өтті.

Ешкімге өкпем жоқ. Қазақстан халқына тек пайдамды тигізгім келеді. Мен түрмеден шықтым, бірақ өзгерген жоқпын, - деді ҰҚК бұрынғы қызметкері.

Еске салайық, Айдын Алпысбаев Ақмола облысында карьерлерді қазумен айналысқан кәсіпкер Игорь Кудинге қастандық жасады деп айыпталған еді.

2015 жылғы наурызда Айдын Алпысбаев (14 жыл) және оның көмекшілері Мұрат Хасенов (13 жыл) пен Сергей Логвиненко (10 жыл) кінәлі деп танылып, ұзақ жылға сотталды.

Екінші және үшінші инстанцияда сот үкімді күшінде қалдырды.

2022 жылғы маусымда алқабилер сотталушыларды кінәсіз деп үкім шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама