×

СҚО-да алаяқтарға сенген мекеме басшысы 15 млн теңгесінен айырылды

Оған банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері атынан белгісіз біреу қоңырау шалған

 Динара Амантай 17.08.2022 | 11:56
Фото: liter.kz

Алаяқтарға сеніп қалған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 15 миллион теңгесінен айырылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, СҚО-да 7 ай ішінде «банктен қоңырау шалу» жолымен жасалған 129 интернет-алаяқтық тіркелді. Полицейлер бұл алаяқтардың қолданатын аса қауіпті алдау жолы екенін атап өтті, салдарынан жәбірленушілерге жүз мыңнан миллион теңгеге дейін шығын келтірілген.

Облыстың ауылшаруашылық кәсіпорындары бірінің басшысы полицияға интернет-алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Оған 2 тамыз күні банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері атынан белгісіз қылмыскер қоңырау шалған. Ол оның атына біреулердің ірі көлемде несие ресімдеуге әрекет жасап жатқаны туралы және бұған жол бермеу үшін барлық қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі туралы айтқан.

Алаяқтарға сенген жәбірленуші өзінің депозитінен 15 миллион теңгені алып, олардың көрсеткен шотына аударған, бұл шот шын мәнінде алаяқтарға тиесілі болған. Кейін ер адам полицейлерге осындай алдау тәсілі туралы естігенін айтқан. Алаяқтардың сенімді, кәсіби терминдерді қолдана отыра сауатты сөйлеуі оны жалған сөзге сендірген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Интернет-алаяқтықты ашу кезінде көптеген қиындықтар кездеседі, көп жағдайда желідегі алаяқтар басқа мемлекеттерде, басқа өңірлерде болады. Полиция қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бұған қоса ол азаматтардың өз қаражатыңызға қатысты күмәніңіз болса, банк бөлімшесіне баруға кеңес берді. Сонымен бірге құпия және қаржы мәліметтерді, парольді, sms бойынша келген cvv- және пин-кодты ешкімге айтуға болмайтынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама