×

Астанада 7 дәріханалық нашақорлықтың жолы кесілді

Олардың қызметін 6 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды

 Динара Амантай 17.08.2022 | 10:16
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан полицейлері дәріханалық нашақорлықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жастарды «дәріханалық нашақорлыққа» тарту фактілерінің ұлғаюына байланысты елордалық Полиция фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектілерін тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрады. Осыған қарамастан, жосықсыз фармацевттер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды рецептсіз сатуды жалғастырып отыр.

Елордалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жангелдин және Сығанақ көшелерінің бойындағы дәріханаларда жедел алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде ЖК-ның біріне тиесілі «дәрілік препаратты дәрігердің рецептісіз босату» фактілері қайта құжатталған. ЖК иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – делінген хабарламада.

 Сот қаулысымен дәріханалардың қызметін 6 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама