×

ІІМ-ге қарайтын 2 жоғары оқу орнының басшылары жазаланды

Олар өз міндетін толық атқармаған

 Дәурен Ерболат 17.08.2022 | 09:04
Фото: strategy2050.kz

Ішкі істер министрлігіне қарайтын 2 ЖОО-ның басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда өрескел заңбұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталды.

Тексеру Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығымен сапалы, тиімді оқу және оқу-әдістемелік жұмыс тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүзеге асырылмағанын көрсетті, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған. Аталған заңбұзушылықтар академия мен институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын тиісінше орындамауы салдарынан болды.

Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институтының басшылығы жұмыстағы олқылықтары мен кемшіліктері үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен жазалау туралы бұйрыққа қол қойылды.

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы басшысының орынбасары Ақан Нұрышев қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшысы Алтай Байсұлтанов қатаң сөгіс жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама