×

Ертістің арғы бетіне дейін жүзбек болған жігіттер суға кетіп қала жаздады

Суға батып жатқандардың дауысын сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар естіп қалған

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2022 | 10:35
фото: ашық дереккөз

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға батып бара жатқан екі тұрғынды құтқарып қалды.

Сағат 00.50-де «102» операторына Орталық жағалауда, шіркеу маңында екі адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар суға батып жатқандардың дауысын естіп, телефон соққан. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, төтенше жағдайға ұшырағандарды судан шығарып, оларды құтқару станциясына жеткізді, - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Зардап шеккендердің 1974 және 1983 жылы туған азаматтар екені белгілі болды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған және алкогольдік ішімдік ішпеген. Айтуларынша, екеуі Ертістің бергі бетінен арқы бетіне жүзіп өтпек болған. Бірақ ол мақсаттарын жүзеге асыруға күштері жетпеген.

Кеше павлодарлық құтқарушылар Ертістен өзен порты аймағына да батып бара жатқан адамды алып шыққан еді. Оған да медициналық көмек қажет болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама