×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Вирустан 1200-ден аса науқас айықты

 Дәурен Ерболат 15.08.2022 | 09:03
Фото: АГН «Москва»

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 930 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 203,
  • Алматыда – 103,
  • Шымкентте – 9,
  • Ақмола облысында – 75,
  • Ақтөбе облысында – 25,
  • Алматы облысында – 16,
  • Жетісу облысында – 9,
  • Атырау облысында – 39,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2,
  • Абай облысында – 5,
  • Жамбыл облысында – 20,
  • Батыс Қазақстан облысында – 58,
  • Қарағанды облысында – 173,
  • Ұлытау облысында – 1,
  • Қостанай облысында – 44,
  • Қызылорда облысында – 23,
  • Маңғыстау облысында – 13,
  • Павлодар облысында – 60,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 44,
  • Түркістан облысында – 8.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 377 898 жетті. 

Сондай-ақ 1252 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 553,
  • Алматыда – 135,
  • Алматы облысында – 9,
  • Жетісу облысында – 19,
  • Абай облысында – 13,
  • Қарағанды облысында – 375,
  • Ұлытау облысында – 49,
  • Қызылорда облысында – 25,
  • Маңғыстау облысында – 47,
  • Түркістан облысында – 27.

Елімізде барлығы 1 341 578 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

14 тамыздағы мәлімет бойынша 23 279 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 185 пациент стационарда, 22 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 26 адамның жағдайы ауыр, 9 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  •  «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңірлер жоқ;
  •  «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама