×

Алматы облысында жоғалған 22 жастағы бойжеткен табылды

Ақпаратты қыздың туыстары растады

 Дастан Жұмабекұлы 14.08.2022 | 15:09
фото: facebook.com

Алматы облысы Бесағаш ауылында жоғалып кеткен 22 жастағы қыз табылды.

Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Ақпаратты қыздың туыстары да растады.

Бұған дейін бойжеткеннің белгісіз ер адаммен бірге жүргені бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған еді.

Осыдан кейін қызды іздеуге шұғыл сүңгуірлер тартылып, Тасқұм көлінің түбін қарап шықты.

Сонымен қатар тау жотасын тексеруге кинологтар да шақырылды. Іздеу жұмысына бір топ белсенділермен қатар «Almaty» телеарнасының тілшісі де қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама