×

Мектеп формасы: 150 мың отбасыға бюджеттен қаржы бөлінеді

Енді ата-аналар балаларына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын өздері таңдап алады

 Халық үні 13.08.2022 | 17:41
Фото: ашық дереккөздерден

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі материалдық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді.

Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Жыл сайын өлшемдерге, сапаға байланысты проблемалар туындайтыны естеріңізде болар, тіпті балалар ол киіммен жүруге ұялатын. Қазір әкімдіктер белсенді түрде ата-аналардың шотына 37 389 теңгеден кем емес қаражатты аударып жатыр. Бұл ең төменгі сома. 

«Сондай-ақ көмек көрсету тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және т.б. балаларымен бірге таңдап, сатып алуы үшін жеке шоттарына ақша аударылады. Бұрын мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және ол тауарлардың өлшеміне, сапасына және т.б. байланысты мәселелер туындайтын», - делінген Оқу -ағарту министрлігінің хабарламасында.

Жалпыға бірдей білім беру аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушыларға көрсетіледі.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама