×

Нұр-Сұлтанда зейнеткерге массаж жасап, артынан ақшасын үптеп кеткен ұры ұсталды

Ер адам көшеде кетіп бара жатқан кейуанаға өзін дәрігермін деп таныстырған

 Халық үні 13.08.2022 | 12:59
Фото: ашық дереккөздерден

Елордалық полицейлер 79 жастағы әйелге массаж жасап, соңынан 90 мың теңгесін ұрлап кеткен ұрыны ұстады.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, зейнеткер дүкеннен келе жатқанда оған бейтаныс ер адам жақындап, ауыр сөмкесін көтеруге көмегін ұсынған. Кейіннен ол өзін қалалық ауруханада жұмыс істейтінін айтып, массажды жақсы жасайтынын жеткізіпті.

Кейуана ештеңеден күмәнданбастан, ер адамды үйіне алып барады. Алайда массаж жасап болғаннан кейін күдікті зейнеткердің сөмкесінен ақшаны алып, ізін суытқан. 90 мың теңгесінен айырылған жәбірленуші полицияға арыз түсіреді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын ұрлық жасап сотталған 40 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама