×

Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.08.2022 | 14:14
Фото: polisia.kz

Құқық қорғау органдары елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер арнайы қызметтермен бірлесіп «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері «Алматы – Екатеринбург» тасжолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты. Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар “МР-371” сигналды тапаншасы табылды, – делінген хабарламада.

Екі қарудың да атуға жарамды екені анықталды.

 Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама