×

Қырғыз ақындары Хабибтің алдында орысша айтысты

UFC чемпионы Бішкекке аралас жекпе-жекті тамашалауға келген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 17:18
фото: ашық дереккөз

Қырғыз ақындары UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен блогер Хасбулла Магомедовтің (Хасбик) алдында өнер көрсетті.

24.kg әлеуметтік желіде кеңінен тараған видео туралы хабарлады.

Отырыста қырғыздың белгілі ақындары Баян Акматов пен Кубат Тукешов дастархан басында әуелі қырғызша сөйлеп, одан кейін айтыстарын орысша жалғастырды.

Біз қонақжай халықпыз. Орысша айтпасақ, олар тыңдамас еді. Несі бар, келесі жолы ағылшын тілінде өнер көрсетеміз. Айтышта (айтыста, - ред.) орысша айтыспау керек деген қағида бар. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Тіл білсек, 60 тілде айтысар едік, –  деді ақындар видеода.

Қырғызстанға UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен блогер Хасбулла Магомедов 10 тамыз күні Бішкекте аралас жекпе-жектен өткен Eagle Fighting Championship (EFC 49) турнирін тамашалауға келген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама