×

Астанада тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Алаяқтар «MMK Investment» компаниясын құрған

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 16:03
фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз 50 доллар инвестициямен тарта отырып, күнделікті жақсы табысқа, шақырылған әрбір клиент үшін қосымша % төлеуге уәде береді.

Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді.

Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар.

 «MMK Investment» компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды.

«MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама